01.02.2021, 14:55
1668
Бүгін Қарағанды облысы да әлемді шарлаған короновирусқа қарсы ерікті түрде екпе салдыруды бастады.
Алғашқы болып облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері сондай-ақ, 150 медицина саласының қызметкері мен блогер вакцина қабылдады.
Денеге екпе салынбас бұрын дәрігерлер еріктінің денсаулығын жіті тексеріп, аллергиялық жағдайын бақылайды. Егер қарсы көрсетілім болмаса, әрекет жасайды. Егу пунктері облыс орталығынан басқа Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларында іске қосылды.
Дәрігерлердің мәлімдеуінше, вакцина 18 ден 65 жасқа дейінгі адамдарға салынады. Қазірге дейін аймаққа ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1750 дозасы келіп түсті. Екпенің 300 дозасын Қарағандылықтар қолданады. Қалғаны Теміртауға, Балқашқа және Жезқазғанға жөнелтіледі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР