Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

24.09.2021, 11:13

700

Жезқазған аумағында «Білеуті — 2021» тарихи — танымдық экспедициясы екі күнге жалғасты. Мамандардың айтуынша  мұндай экспедиция жасау белгілі бір аймақты жан — жақты зерттеуге және туристік маршрут құруға ықпал етеді. 

«Білеуті — 2021» экспедициясы «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Экспедицияға қатысушылар бұрын соңды зерттелмеген петроглифтер мен тау тастарына жазылған жұмбақ әріптерді, көп қуысы бар үңгір мен жезтырнақ тастарын тауып алған. Сонымен қатар, бұл өңірден ежелгі металлургтерінен қалған ұңғыма іздерін яғни жартастағы дөңгелек ойықтарды да анықтапты.

Мұндай жаңа тарихи олжалар еш жерде айтылмаған әрі зерттелмеген екен. Қазірдің өзінде бұған Қазақстандық көрнекті ғалымдар қызығушылық таныта бастаған.

«Бізде көптеген қызықты зерттелмеген орындар бар, сондықтан біз Жезқазған археологиялық мұражайымен бірлесіп, Білеуті өзені мен атақты Бұланты шайқасы болған жер арасындағы аумаққа шағын экспедиция ұйымдастырамыз деп шештік. Оның құрамына археологтар, тарихшылар, жолсеріктер, туризм мамандары енеді»,- деп мәлімдеді экспедиция жетекшісі,  Жезқазған тарихи- археологиялық мұражайының ғылыми қызметкері Кешубай Байділдинов.

Саяхатшылар Білеуті өзенінің жанынан тау суреттері бар жартастар мен тастарды тауып алған. Бұл тастағы суреттердің қандай жағдайда салынғанын  арнайы мамандар зерттеп анықтай  алады. Олар Қозыбай елді мекенінде қара тастарға соғылған әрі жақсы сақталыпты. Петроглифтердің басқа галереясын ынтагерлер Ақкиік деген жерден сұр — көк тастардан тауып алған. Сонымен қатар экспедиция мүшелері Малқар үңгіріне барғанда қызықты жерлерге тап болған. Үңгірдің кіре берісінен түйенің басына ұқсайтын екі тік тас табылыпты.

Тас үңгірдің ішінде биік аркалар мен өткелдер бар әрі көп қуысты болып шыққан. Бұл үңгірдің екі бөлігінен петроглифтер табылған. Мамандар бұл өңірдің зерттелмегенін алға тартып, келесі жылы зерттеу жұмыстарына кірісеміз деп отыр. Келесі жылы экспедиция қатысушыларына Қазақстанның басқа мұражайларынан тарихшылар мен археологтар қосылатын болады.«Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында өткен экспедицияның нәтижесінде бұрын анықталмаған петроглифтерді жария етудің сәті түсті. Осылайша талай жылғы тарихи сырды ішіне бүккен кең байтақ даланың бір сыры ашылғандай болды. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 22.10.2021, 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31