Жол жаққа қараймын, сен жоқсың...

Қызыларайлықтар әкімнің уәдесіне әлі сеніп жүр

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

10.02.2021, 09:35

1606

       Елімізде биліктің назарынан тыс қалып, әупірімдеп тірлік кешіп жатқан ауыл,  елді мекендер қаншама. Тіпті ауыл жұрты биліктен қайыр болады дегенге сенуді қойып, өз күнін өзі көруде. Алайда жол жөндеу, автобус жүргізу деген мәселені қарапайым халықтың шеше алмайтыны анық.      Ақтоғай ауданындағы Қызыларай ауылының тұрғындары қасындағы 22 шақырымда орналасқан көрші ауылға келетін автобусты өздеріне қарай жүргізе алмай жүргеніне он жылға жуықтады. Бүгінде бұл мәселені Ақтоғай ауданының әкімі түгіл, өңір басшысы Жеңіс Қасымбек те  шеше алмай отыр. Осыдан бір жыл бұрын халықтың автобусқа зар болған мұң-мұқтажын тікелей әкім мырзаға  жеткізген едік. Сол кезде қоғамдық көлікке мінбейтін,  жол азабын тартпаған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек «бұл мәселені қарастырамыз,  жауабын айтамыз» деп жауап берген-ді. Бұл құтылу үшін айтыла салған сырғытпа жауап болған тәрізді. Қызыларай жұрты бір жыл бойы «әкім айтса бір қозғау болар» деп дәмеленіп, автобус күтумен жүрді.  

        Бұл ауылға Қарағандыдан автобус жүрмейді, тек Балқаш қаласынан аптасына екі рет автобус қатынайды. Ал Қызыларайдан 22 шақырым қашықтықта орналасқан Шабанбай би ауылына 300  шақырымдағы Қарағандыдан аптасына  екі рет автобус келеді. Осы автобус бағытын ауылдағы ағайын жарты сағаттық жолға созуды сұрап зар қағуда. Қарағандыдан  келетін Қызыларай тұрғындары автобус әрі қарай жүрмегендіктен, осы Шабанбайда түнде қалып қойып, ауылға жету үшін көлік іздейді.

       Былтыр Ақтоғай ауданының әкімдігі бұл бағыттағы маршрутты созғызу үшін жолаушы тасымалымен айналысатын автопаркке сұрау салғандарын айтқан еді. Алайда жолаушы таситын мекеме Қарағандыдан кешкі бесте шығатын автобус Шабанбайға түнгі сағат 10-да келетіндіктен, әрі қарай тым кеш болып кететіні жөнінде жауап беріпті. Ауыл халқы сонау облыс орталығынан 300 шақырым жүріп келетін автобусты жарты сағаттық жолға шығара алмаған биліктің қылығын жұрттың жағдайына жүре қараған салғырттық деп есептейді. Өйткені автобус кеш келеді деп сылтауратса,  сол автобусты екі сағат бұрын шығаруға болады ғой. Алайда маршрутты өзгертіп, жұрттың жағдайын жақсартуға  биліктегі ақ жағалылар асығар емес.

     Осылайша биліктің есінен шыққан шалғайдағы ауыл жол азабын тартып келеді. Әсіресе бұл жағдай қысты күні ауылдың студент жастарына қиын тиеді. Мереке, демалыс күндері ауылға жолға шығады да, екі ортада Шабанбайда қалып қояды. Ол жерде міне қоятын такси де жоқ, шалғай ауыл болған соң, такси қайдан болсын. Сосын, Қызыларайдағылар қаладан біреу келе жатса, көрші ауылға барып, тосып алу үшін көлік немесе көлігіне бензин іздеп, әуре болып жүреді.

  – Менің екі немерем қалада оқиды. Олардың демалысқа келуі осындай бейнеттен тұрады, – дейді ауыл ақсақалы Сатыбалды Еркебай.      «Еститін мемлекеттің»  әкімдері осылай елді естісе де, естігісі келмей, жұрттың ұнжырғасын түсіруде.

Тегтер: әкім арыз шағым қоғам халық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48