Жолдың сапасы артып келеді

Сайт әкімшілігі

17.02.2021, 18:54

91

Түркістан облысында биыл автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстары 156 нысанда жүргізіледі. Оның ішінде 538 шақырым жол мен елді мекен көшелері жөндеуден өтеді. 2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79 пайыздан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 17 286,6 шақырымға жеткен.

«2020 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 79%-ға жетіп, жоспар асыра орындалды. Өткен жылы жалпы 868 нысан немесе 1 974,8 шақырым жол мен елді мекен көшелері құрыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл қорытындысымен 828 нысан, тиісінше 1 525,4 шақырым жол пайдалануға берілді. Бұдан өзге, былтыр облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 16 шақырым — веложол, 110,2 шақырым – аяқжолдар, 4 621 дана — жарық шамдар орнатылды», — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан су басқан облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен көшелері қалпына келтіріліп, нәтижесінде 47,6 шақырым жол мен 4 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Төлеби ауданында жауған жауын салдарынан зақымданған 14 шақырым жол мен су шайып кеткен 3 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 14:53
Полиция 7 адамның өмірін қиған жол апаты туралы айтты
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 10:53
Атырауда анасы мен төрт баласы уланып қала жаздады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.03.2021, 09:20
Түркістандағы оқиғадан «ҚазТрансГаз» тиісті қорытынды шығара ма?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.03.2021, 18:02
Теміртаулықтар қатты аязда жылусыз қалды
Ақерке ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ 02.03.2021, 15:13
Су сойқаны безек қаққызды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 02.03.2021, 10:37
Бала бағу баюдың жолы ма?

Аңдатпа


  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50