Жүздеген үй суда жүзбесін

Мариям МАҚСАТ

06.10.2020, 09:58

1544

Павлодар қаласындағы ықшамаудан үйлерінің тағы су астында қалу қаупі бар. Жаңбыр жауса болғаны, үйлерінен шелек-шелек су шығарып, аяққа резеңке етік киетін тұрғындар биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай, әуре-сарсаңға түсеміз бе деп отыр. Өйткені шенеуніктердің шырылдаған жұртшылыққа қол ұшын созар түрі жоқ.

Екінші Павлодар ықшамауданын жерасты суының басуы – тұрғындарды әбден титықтатқан талай жылғы түйткіл. Былтыр бұл мәселені шешу үшін қазынадан бақандай 520 миллион теңге бөлініп, жаңа канализациялық стансаның құрылысы басталған еді. Былтыр жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс ???????? әлі қолданысқа берілген жоқ. Сондықтан тұрғындар жертөлелерге жиналған суды күніне бірнеше рет сорып алуға мәжбүр.

  • Жертөледегі суды таңертең, түсте және кешке төгемін. Әйтпесе, қабырғалар сөгіліп кетеді. Себебі, судың үстінде тұрмыз. Күнде көретініміз осы. Қысқасы, сынақтың нақ өзі, – дейді тұрғын Василий Афанасьев.

Бұл ықшамауданның тұрғындары мәселе жаңа кәріз стансасы іске қосылған соң шешілерінен үміттеніп еді. Бірақ жер үйлер жаңаға жалғанбақ түгілі бұған дейін пайдаланылып келген коллекторлардан ажыратылып тасталды. Енді не жаңасы жоқ, не ескісі жоқ.

— Құрылысшылар біздің ауданда жаңа канализация салу үшін үйлерді соңғы 15 жыл бойы жұмыс істеп тұрған коллекторлардан ажыратып тастады. Өз қалтамыздан ақша шығарып, канализацияны тазалап, оны күтіп ұстайтын едік. Ал енді әлі жұмыс жасамайтын жаңа стансаға қосылуымыз үшін 400 мың теңге төлеуіміз керек екен. Бұл биліктің қай сасқаны?, – дейді Сахинат Мағзұмова.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тамыз айында тұрғындармен тілдескен кезде мәселені шешу үшін үш күн уақыт беріп еді. Арада үш күн емес, үш айға жуық уақыт өтсе де қордаланған жағдай әлі шешілер емес.

Үйлерді су басу мәселесі мыңдаған үйі бар ескі шағын ауданның ғана емес, жаңа Сарыарқа ықшамауданы жұртшылығының да бас қайғысына айналып үлгерді. Осыдан небары екі ай бұрын қоныстойын тойлаған Циолковский көшесі, 12/3 үйінің тұрғындары да енді жертөлеге резеңке етікпен ғана түседі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тірнектеп жүріп жинаған қаржысын алғашқы жарна қылып салып, несиеге баспана алған 72 отбасы бетпе-бет келген күрмеулі мәселе бұл ғана емес.

— Жаңа үйде не кәріз жүйесі, не жаңбыр суын ағызу жүйесі жұмыс істемейді. Аздаған жауын-шашын болса болғаны, бірінші қабатты су басады да қалады. Пәтер ішіндегі ауа айналымы да дұрыс емес», – дейді Нұрсипа Советқызы. 

Пәтер иелері кооперативінің өкілі Вадим Жемалутдиновтың сөзінше, жерасты суы үйдің маңайын да, жақында пайдалануға берілген көршілес Расковая 2/1 көпқабатты баспанасының жертөлесін де басады.

Жер үйлер мен көпқабатты баспаналар су астында қалмас үшін жаңа кәріз жүйесі дер кезінде іске қосылып, оның құрылысы барысында олқылықтар болмауы керек еді. Енді шенеуніктер мен мердігерлердің немқұрайдылығынан қарапайым халық зардап шегіп отыр. Мәселе жуық арада шешімін таппаса, олар тағы да су астында қаламыз деп қауіптеніп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:34
Бюджет жобасын халық жасайды
М.СӘУЛЕБЕК 09:31
Агроиндустриалды аймақ құрылады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:25
Күнгейдің көлеңкелі тұстары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 14:08
Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерді іздестіруде
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.10.2020, 11:30
«Біз оны жұмысқа алған жоқпыз...»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.10.2020, 10:39
Трактор табанына тапталған балалар алаңы

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04