Жыры бітпеген электронды жүйе

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

20.04.2021, 10:10

3188

Қарағанды қаласының билігі қоғамдық көліктерде  электронды билет беру жүйесін бес жылдан бері енгізе алмай келеді. Жергілікті билік «кореялық «Смарт кард» компаниясының электронды билет беру жүйесі енеді» деп, бес жыл бойы оларды жер-көкке сыйғызбай мақтап келді. Алайда бірнеше жылғы дайындық  пен әуре-сарсаң  екі-үш ай қызмет көрсетуге ғана жарады. Қарағанды қаласының автопарктері «Смарт кард» арқылы жіберілген қаражат өздеріне кеш түсіп, ит-әуре қылған соң, өткен жылдың соңында бұл компаниямен жасасқан келісімшарттарын бұзды. Шенеуніктер картаға ақша салмауды қаңтардан бастап ескертті. Сондай-ақ жұрттың 600 теңгеге сатып алған картасы келесі қызмет көрсетуші келгенде жаңасына айырбасталатынын  айтып, елді сабырға шақырды.

                  Электронды карта «Төлем»бола ма?        Жақында қала әкімі Ермағанбет Бөлекбаев қалада электронды билет берудің жаңа жүйесі енгізілетінін мәлімдеді. Алайда әкім «арық сөйлеп, семіз шығуды» көздеді ме, кім білсін, электронды билет беру қызметін қай компания көрсететінін әзірге ресми түрде жарияламай отыр. Дегенмен қала басшысы осы жылғы шілде, тамыз айларында электронды билет берудің жаңа жүйесін енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта автопарктер бұл қызметті көрсететін компаниямен келісімшартқа отыруды бастап кеткен. Дегенмен «Төлем Q» ЖШС  бас директоры Сержан Ақылбаев бірқатар баспасөз құралдарына Қарағанды қаласына электронды билет беру жүйесін енгізуге дайындалып жатқандары жөнінде мәлімет таратқан.Айта кету керек, бұл компания Атырау мен Шымкент қалаларына аталмыш жүйені енгізген болатын.

                                       Жолақы қымбаттай ма?

         Қарағандыға  электронды билет беру жүйесі ене қалса, жол билетінің қымбаттауы да ғажап емес. Мұны билік ашық айтпаса да, оны емеурінінен аңғаруға болады. Бейресми мәлімет бойынша электронды картамен  жолақы 80 теңге болып қалса, ақшамен жолақы төлейтіндер үшін жол жүру ақысы 160 теңге болуы мүмкін деген жорамал бар. Бұл жаңашылдыққа күнделікті шайлығы айлығынан аспай жүрген жұрт «жолақы өсіп кетеді-ау» деген үреймен қарауда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 27.05.2023, 19:33
Алматыда ішімдікке тәуелділердің саны 7,5%-ға азайған
Сайт әкімшілігі 27.05.2023, 10:45
Алматыда "Халық заңгері" кең ауқымды акциясы өтті
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 17:00
Оңтүстіктегі диқандар су тапшылығын тартып отыр
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 16:00
Оралдағы тергеу изоляторы құрылысын аяқтауға тағы 6 миллиард теңге қажет
Б.СӘРСЕНБІ 25.05.2023, 16:30
Шіркеймен күрес тамызға дейін жалғасады
Еркежан АРЫН 25.05.2023, 09:00
Алматы жастары арасында суицидтің алдын алу жұмыстарының маңызы

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31