09:49, 06 Ақпан 2024
Берік Уәли жаңа премьер-министрді тағайындау тәртібін түсіндірді
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-Министрді тағайындау тәртібін түсіндірді.
- Конституциямызға сәйкес, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі «Аманат» саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды. Мақұлданған жағдайда Мемлекет басшысы келісім беру үшін Премьер-Министрдің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келіссе, Президент бұл қызметке жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын қалыптастыру процесі басталады», - деп түсіндірді Берік Уәли.
Еске салайық, 7-ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.