Экономика

Ішкі нарыққа 39,8 млрд долларға тауар кіргізілген

Биыл ішкі нарыққа 39,8 млрд долларға тауар кіргізілген

вллв

Оның 26,7%-ы Ресейдің үлесіндегі импорт. Сонымен қатар Еуроодақ пен Қытайдан алыс-беріс 66%-ға артқан. Бұл қаңтар-тамыз айындағы көрсеткіш. Жалпы жыл сайын Ресейден Қазақстанға әкелінетін тауар саны біртіндеп азайып келеді.

Мәселен, биылғы импорттағы үлесі 26,7% болса, былтырғы 8 айдағы көрсеткіш 37,4% болған еді. Әрине, бұған әртүрлі сыртқы факторлар себеп. Дегенмен, Ресей импортының орнын Еуропалық одақ пен Қытайдан кіргізілетін тауарлар басып жатыр.

Мысалы, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айында Еуропадан 4,4 млрд долларға тауар кірсе, биыл көрсеткіш 7,3 млрд долларға дейін өскен. Ал Қытайдан әдеттегідей тауар молынан жеткізіледі. Өсім 6,7 млрд-тан 10 млрд долларға дейін жетіп отыр. Оған қазіргі қазақстандықтардың түрлі сауда платформаларынан онлайн тапсырысты еселеуі басты себептің бірі.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз