Экономика

Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған шектеуді ұзартты

Қазақстанда бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің бірқатар түрін автомобиль және теміржол көлігімен ел аумағынан шығаруға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды.

Бензин

Шектеу 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін қолданылады.

Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге авиациялық керосин, дизель отыны, газойль, толуол, ксилол, битум және басқа да мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынады.

Осылайша, 2027 жылғы 1 қаңтардан 22 мамырға дейін екі шектеу қатар қолданылады. Ал 22 мамырдан кейін бірінші тыйымның мерзімі аяқталғанымен, ЕАЭО-дан тыс елдерге мұнай өнімдерін шығаруға қатысты шектеу 30 маусымға дейін күшінде қалады.

Алайда тыйымға бірқатар ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда, көлік құралдарының зауытта орнатылған жанармай бактарындағы отынды алып шығуға, бекітілген жоспарлар бойынша бензин жеткізуге және мұнай өнімдерін гуманитарлық көмек ретінде жөнелтуге рұқсат етіледі.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз