Аймақ

Иракта университет ғимараты өртеніп, 14 адам қаза болды

Ирактың Соран қаласында ғимараттан өрт шығып, 14 адам қаза тапты, 18 адам зардап шекті, деп хабарлады Zhasalash.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

өрт

Соран қаласының Денсаулық сақтау департаментінің мәлімдемесінде өрттің университет студенттері мен мұғалімдері тұрып жатқан үшінші және төртінші қабаттан шыққаны, одан әрі бесқабатты ғимаратты түгел алып кеткені айтылған.

Алдын ала тергеу жұмыстары өрттің қысқа тұйықталу салдарынан шыққанын көрсеткен. Өрт азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің көмегімен сөндірілген.

Тегтер: өрт
Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз