Құрылтайда сегіз тұрақты комитеттің төрағалары сайланды
Құрылтайдың бірінші сессиясында сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары сайланды.
Комитеттерге мына депутаттар жетекшілік ететін болды:
Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;
Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;
Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;
Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;
Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;
Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитеті;
Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;
Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті.