Әлеумет

Қызылорда облысында TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында бірнеше рет балағат сөздер айтқан Қызылорда облысы Сырдария ауданының 36 жастағы тұрғыны Қуаныш Олжабаевты анықтады.

Полиция

Құқық бұзушылық жасаған кезде ол алкогольдік масаң күйде болған. Сот шешімімен Қуаныш Олжабаев ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта ер адам сот тағайындаған жазасын өтеуде. Ол көшелерді сыпырып, аумақты арамшөптерден тазартып, басқа да қоғамға пайдалы жұмыс істеуде.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз