10:29, 30 Қараша 2023
Алматыдағы өрт: Қаза тапқандар ішінде Өзбекстан, Пәкістан азаматтары бар
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың сөзінше, хостелде өрттен қаза болғандардың ішінде Өзбекстан, Пәкістан азаматтары бар, деп хабарлайды zhasalash.kz.
Студенттердің бәрі 25-30 жаста болған. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.
– Хостелдің жұмыс істеп тұрғанына бар-жоғы бір жарым ай болды. Әкімшілігі солай деді. Жалпы жертөле аумағын жатақхана ретінде пайдалану заңсыз. Автоматты өрт сигнализациясы бар. Ол білуімізше белгі берген, - дейді ол
Тағы үшеуінің жеке басы анықталып жатыр.
Құтқарушылар жақын жерде көптеген пәкістандық қонақтарды көргенде, қайтыс болғандардың азаматтығына қателескен. Құрбандардың бірі Пәкістаннан келген медициналық студент екені анық.