Қоғам

Алматы облысында аудандық полиция бастығының орынбасары әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Алматы облысында Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Қабдылданов әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

полиция

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 16 мамыр күні Балқаш ауданына қарасты Бақбақты ауылы маңындағы тасжолда болған.

Ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, ер адам әйелін жол бойында көліктен түсіріп кеткен. Кейін қайта оралып, оны көлікпен қағып кеткен деген күдік бар.

Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз