Қоғам

Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы қызға тиіскен

Алматыда кәмелетке толмаған қызға қатысты әдепсіз әрекет жасады деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды.

Полиция

Жәбірленушінің анасы полицияға арыз түсірген. 15 жастағы қыздың айтуынша, жол жүру кезінде жүргізуші оған рұқсатсыз қол тигізген. Межелі жерге жеткен соң оны көліктен шығармай ұстап қалып, сүймек болған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз