Қоғам

Қазақстанда агрессор мен жәбірленушінің арақашықтығын бақылайтын жүйе әзірленіп жатыр

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін "Электронды қорғаныс аймағы" жүйесі әзірленіп жатыр.

зорлық

Жаңа тетік агрессор мен жәбірленушінің арасы 20 метрден азайған жағдайда полицияға автоматты түрде дабыл сигналын жіберуге мүмкіндік береді.

Ішкі істер министрлігі бұл жобаны "КаР-Тел" компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Бұл туралы ведомство депутат Айжан Аймағамованың сауалына берген жауабында хабарлаған. Бұған дейін депутат Қазақстанда болған резонансты кісі өлтіру оқиғаларынан кейін ІІМ басшысына жүгінген еді.

Жүйенің негізгі мақсаты – профилактикалық есепте тұрған адамның қозғалысын бақылау және жәбірленушіні ықтимал қауіп туралы алдын ала ескерту. Қазір пилоттық жоба аясында адамдар арасындағы қауіпсіз қашықтықтың бұзылуын, яғни аралықтың 20 метрге дейін қысқаруын тіркеу мүмкіндігі тексеріліп жатыр.

Егер жүйе агрессордың жәбірленушіге жақындағанын анықтаса, автоматты түрде дабыл хабарламасын жасап, оны полицияның жедел басқару орталығына жібереді. Одан кейін жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағын жіберу жоспарланған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз