Қоғам

Прокурор Санжар Боқаевты 12 жылға соттауды сұрады

Алматыда өткен сот жарыссөзінде прокурор қоғам белсендісі Санжар Боқаевты орташа қауіпсіздік мекемесінде 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды "Власть".

Санжар Бокаев

Іс бойынша бір эпизодпен айыпталып отырған, Боқаевтың інісі Мадияр Кәлменовке жеті жыл түрме жазасы сұралды. Ал қазан айында кінәсін мойындап, қамаудан үйқамаққа босатылған видеограф Ұлан Нүсіпқожаға 2,5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау ұсынылды.

Санжар Боқаев 2026 жылғы 18 наурызда Алматыда ұсталған. Оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау, адамдар тобымен заңсыз ағаш кесу, ақша жылыстату, ұрлық және көрінеу жалған ақпарат тарату айыптары тағылған.

Боқаевқа қатысты сот процесі 16 қазанда басталды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз