Қоғам

БҚО-да 22 адам "тышқан безгегін" жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері "тышқан безгегі" ауруын жұқтырудың 22 жағдайы анықталған. Сонымен қатар өңірде 24 адам бруцеллезге шалдыққан.

Тышқан безгегі

Санитариялық дәрігерлердің мәліметінше, "тышқан безгегі" Орал қаласында 14 адамнан, Бәйтерек ауданында алты адамнан, Бөрлі ауданында екі адамнан табылған. Науқастардың ауруды кеміргіштермен байланыс кезінде жұқтыруы мүмкін деген болжам бар. Олардың кейбірі балық аулауға немесе шөп шабуға барған кезде тышқандармен жанасқан.

Ал бруцеллез анықталған 24 адамның арасында 14 жастағы жасөспірім де бар. Ауру жұқтырғандардың жартысы Ақжайық ауданының тұрғындары.

Бұдан бөлек, облыста туберкулездің 197 жағдайы тіркелген. Оның жетеуі балалар арасында анықталған.

Мамандар шөппен, астықпен жұмыс істегенде және шаң-тозаңы көп орындарда респиратор тағуға кеңес береді. Сондай-ақ кеміргіштер аралауы мүмкін азық-түлікті тұтынбау, ет пен сүт өнімдерін тек ветеринариялық бақылаудан өтетін сауда орындарынан сатып алу қажеттігін ескертеді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз