Қоғам

Астанада декреттегі әйел есірткі сақтап, сатты деген күдікке ілінді

Астанада полиция есірткі заттарын сақтап, таратты деген күдікпен екі әйелді ұстады. Олардың бірі 35 жаста және декреттік демалыста болған, екіншісі – 27 жаста.

Полиция

Полицияның мәліметінше, әйелдер жалдамалы пәтерді есірткі заттарын сақтап, өлшеп, орауға пайдаланған. Кейін дайын түйіншектерді одан әрі тарату үшін курьерлерге берген деген болжам бар.

Күдіктілер пәтерден кезекті дайындалған есірткі партиясын алып шығып бара жатқан кезде ұсталған.

Тінту барысында полиция марихуана, гашиш майы, каннабис шайыры, пробиркалар мен орама материалдарын тәркіледі. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 2 келі болған.

Аталған факті бойынша адамдар тобы болып есірткі заттарын сақтау және өткізу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз