Петропавлда есепші мен информатика мұғалімі мектеп бюджетінен 90 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған
Петропавлдағы №42 мектептің есепшісі мен информатика пәнінің мұғалімі бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен сотталды.
Тергеу мәліметінше, схема шамамен бес жыл бойы жұмыс істеген. Қаражат қызметкерлерге жалақы, демалыс ақысы, сыйақы және аванс ретінде рәсімделіп отырған. Іс бойынша мектептің 14 қызметкері күдікті болып отыр. Айыптау тарабының мәліметінше, есепшінің есепшотына шамамен 50 млн теңге түскен. Ал информатика мұғалімі арқылы 25 млн теңгеден астам қаржы өткен.
Қызметкерлер заңсыз аударымдар туралы тек 2024 жылғы аудиттен кейін білген. Сот есепшіні кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты үкімді бір жылға шегере отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Информатика мұғалімі 7 жылға сотталды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.