Қазақстанда 140 мыңнан астам жол белгісі тексеріледі
Қазақстанда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол инфрақұрылымы элементтерін нормативтік талаптарға сәйкестендіруге бағытталған жол белгілері айлығы басталды.
Айлық аясында жол қызметтері, атап айтқанда Жол активтері сапасының ұлттық орталығы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орнатылған барлық жол белгілеріне кешенді тексеру жүргізеді. Ерекше назар олардың дұрыс орналастырылуына, техникалық жай-күйіне, көріну деңгейіне, сондай-ақ қолданыстағы жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына сәйкестігіне ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар жөндеу жұмыстары жүргізілген жол учаскелері бөлек тексеріледі. Ол жерлерде жылдамдықты шектейтін белгілерді қоса алғанда, уақытша немесе ескірген белгілер сақталып қалуы мүмкін. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мұндай белгілер алынып тасталады немесе өзекті белгілермен ауыстырылады.
Сондай-ақ, тексеру шеңберінде жол белгілерінің қараңғы уақытта көрінуі, жарық шағылдыратын элементтердің болуы, сондай-ақ жол жағдайларын ескере отырып, олардың дұрыс орнатылуы бағаланатын болады.
Жалпы, республикалық маңызы бар жолдарда 140 мыңға жуық жол белгісі орнатылған. Жол қауіпсіздігі жөніндегі кешенді нысаналы бағдарлама аясында жыл сайын 10 мыңға жуық белгі жаңартылады. Мәселен, 2021 жылы – 11,4 мың, 2022 жылы – 10,6 мың, 2023 жылы – 10,7 мың, 2024 жылы – 11,2 мың, ал 2025 жылы – 10,6 мың белгі орнатылды. Биылғы жылы шамамен 8 мың жол белгісін орнату және ауыстыру жоспарлануда.
Бұл шара республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол белгілерінің жай-күйін жүйелі түрде тексеруге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.