Қоғам

Тоқаев Ерлан Қаринге бірқатар нақты міндет жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдап, жаңа лауазымның мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөліне тоқталды.

Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, Вице-Президент қызметі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітіліп, елдің басқару жүйесінде ерекше маңызға ие болды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің алдына бірқатар міндет қойды. Атап айтқанда, оған Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара байланыс кезінде Президенттің атынан өкілдік ету тапсырылды.

Сонымен қатар Вице-Президент мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша Мемлекет басшысының ұстанымын тиісті органдарға жеткізуі қажет.

Кездесуде Ерлан Қариннің жаңа қызметі аясындағы алдағы жұмысының басым бағыттары талқыланды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз