Путин Ресейдің ядролық соғысқа дайын екенін мәлімдеді
Ресей президенті Владимир Путин әскери-техникалық тұрғыдан алғанда, Ресей ядролық соғысқа дайын екенін мәлімдеді.
Ол журналист Дмитрий Киселевтің «Ресей Федерациясы шынымен ядролық соғысқа дайын ба?», деген сауалына:
Әскери-техникалық тұрғыдан алғанда, біз, әрине, дайынбыз. Олар үнемі бізбен бірге, үнемі жауынгерлік әзірлік жағдайында, - деп жауап берді.
Сондай-ақ, Путин АҚШ-тың Украинаға өз әскерін жібермейміз деп мәлімдегенін еске алды. Оныің айтуынша, АҚШ Ресей территориясына американдық әскерлерді орналастыру қадамын интервенция ретінде қабылдайтынын түсінеді.
«Мен Байденнің тұлға, дәстүрлі саяси мектептің өкілі екенін айттым және бұл расталды. Онда Байденнен басқа ресей-американ қарым-қатынасы және стратегиялық тежеу саласында көптеген басқа мамандар бар. Сондықтан бұл жерде бәрі асығыс болып жатыр деп ойламаймын, бірақ біз бұған дайынбыз», - деді Путин.
Фото: Рамиль Ситдиков