Әлеумет

ІІМ Telegram арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті

Ішкі істер министрлігі азаматтарды Telegram мессенджері арқылы таралып жатқан алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды.

Алаяқтар

Polisia.kz мәліметінше, қаскөйлер өздерін мемлекеттік органдардың, түрлі компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Олар сенімге кіру үшін басшылардың шынайы фотосуреттері мен жеке деректерін пайдаланады.

Алаяқтар директордың немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қызметкерлерге хабарлама жіберіп, шұғыл түрде белгілі бір есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді немесе өзге де қаржылық операцияларды орындауды талап етеді.

Көбіне мұндай хабарламалар бухгалтерлерге, қаржы бөлімінің қызметкерлеріне және ұйымның қаржылық ресурстарына қол жеткізе алатын мамандарға жіберіледі.

Осыған байланысты ІІМ күмәнді хабарлама алған жағдайда:

– ақша аудармауға;

– қаржылық операцияларды орындамауға;

– басшымен телефон арқылы немесе жеке байланысып, ақпараттың рас-өтірігін нақтылауға;

– жіберушінің аккаунты мен телефон нөмірін мұқият тексеруге;

– күмән туындаса, хат алмасуды тоқтатып, бұл туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлауға кеңес береді.

 

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз