Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
Алматы облысында жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды.
Бейнебақылау жазбасында ер адамдардың атыс қаруына ұқсас затты полиэтилен пакетке салып, күдік тудырмай бекет ішіне алып кіргені көрінеді.
Полицияның мәліметінше, қылмыс жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы жедел ашылған. Тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Аталған дерек бойынша қарақшылық фактісімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.