16:15, 06 Қаңтар 2024
Атыраудағы өрт: күйік шалған 3 айлық сәби көз жұмды
Атырауда тұрғын үйдегі газ-ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккен отбасының тағы бір мүшесі көз жұмды.
Оқиға салдарынан жансақтау бөлімінде жатқан үш айлық сәбидің көз жұмғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«Кеше, 5 қаңтарда кешкі мезгілде облыстық балалар ауруханасында 2023 жылғы сәби көз жұмды. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде күйік шалған тағы бір бала жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.