Саясат

Тоқаев Швеция королін Ұлттық күнімен құттықтады

Президент Тоқаев Швецияның Ұлттық күніне орай Швеция королі Карл XVI Густавқа құттықтау жеделхатын жолдады.

2

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында Швецияның тұрақты даму күн тәртібін ілгерілету, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы елеулі жетістіктерін атап өткен.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан мен Швеция арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін айтып, екі ел арасындағы байланыстар алдағы уақытта да халықтардың игілігі үшін нығая түсетініне сенім білдірді.

Президент Швеция королі Карл XVI Густавқа және достас швед халқына өсіп-өркендеу мен амандық тіледі.

Швецияның Ұлттық күні жыл сайын 6 маусымда атап өтіледі. Бұл күн 1523 жылы король Густав Васаның таққа отыруына және 1809 жылғы конституцияның қабылдануына байланысты белгіленген. Мереке ресми демалыс күні мәртебесін тек 2005 жылы алған.

Дәстүр бойынша бұл күні корольдік отбасы Skansen этнографиялық музейіне барып, ел тұрғындары табиғат аясында демалып, қалалық әкімшіліктерде жаңа азаматтарды салтанатты түрде қарсы алады.

Айта кетейік, екі ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция королі Карл XVI Густавты 80 жасқа толуымен де құттықтаған болатын.

Тегтер: Тоқаев
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз