Экономика

Қазақстанда базалық мөлшерлеме 16,25%-ке дейін төмендеді

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ке дейін төмендетті.

ұлттық банк

Осыған дейін базалық мөлшерлеме 16,75% деңгейінде болған. Ал оған дейін көрсеткіш 17,00% болған еді. Осылайша, Ұлттық банк мөлшерлемені қатарынан төмендетіп отыр.

Базалық мөлшерлеме – орталық банктің елдегі ақша-кредит саясатын реттеудегі негізгі құралдарының бірі. Ол экономикадағы ақша құнына және банктердің қаржыландыру шарттарына әсер етеді.

Ұлттық банк бұл мөлшерлемені екінші деңгейлі банктерге қаржы беру және олардың уақытша бос қаражатын депозитке орналастыру кезінде қолданады. Коммерциялық банктердің Ұлттық банктен алатын қарызы мен қаражатын орналастыру шарттары базалық мөлшерлемемен байланысты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз