Қоғам

Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялықреформаларды қолдады

Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясында(ПАСЕ) жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша Қазақстанда жүргізіліпжатқан саяси және конституциялық реформаларғақолдау білдірілген жазбаша декларация қабылданды.

Еуропа кеңесі

«Қазақстандағы конституциялық референдум: реформалардың жаңа кезеңі» деп аталатынқұжаттың авторы – ПАСЕ-дегі Түркияделегациясының депутаты Мехмет Акалын. Декларацияға Еуропа елдерінің ұлттықделегациялары мен түрлі саяси топтарының атынан 22 парламентарий қол қойған.

Құжатта Қазақстанда өткен референдум мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мен институционалдық өзгерістердің маңызды кезеңіболғаны атап өтілген.

Декларация авторлары конституциялықреформалардың мақсаттарын құптады. Атап айтқанда, мемлекеттік басқарудың неғұрлымтеңгерімді үлгісіне көшу, есептілік тетіктерінкүшейту, азаматтардың конституциялық әділ сотқақолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаукепілдіктерін нығайту оң бағаланды.

Сонымен қатар ПАСЕ Қазақстанның Еуропакеңесімен ынтымақтастығына да оң баға берді. Декларацияда тараптардың конституциялық даму, құқық үстемдігі және адам құқықтарын қорғаумәселелері бойынша сындарлы диалогтыжалғастырып отырғаны айтылған.

Сондай-ақ парламентарийлер Қазақстанның демократиялық институттарды нығайту және құқық үстемдігі қағидаттарын орнықтыру бағытындағы күш-жігерін алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін білдіріп, елді Еуразияөңіріндегі сенімді серіктес деп атады. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз