Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:58, 29 Ақпан 2024

Қайрат Сатыбалдының «мемлекетке қайтарған» қонақ үйі жайлы тың ақпарат пайда болды

Қайрат Сатыбалдыұлы
Фото: из открытых источников

Алматыда қонақүйді сатып алу-сатуды Қайрат Сатыбалды Астана қаласының тергеу изоляторында жасаған, деп хабарлайды Orda.kz порталы.Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында жеке компания басшысының өкілі Асқар Өтешов Алматыдағы қонақүй рейдерлік жолмен қалай тартып алынғанын мәлімдеді.

Алматыда қонақүйді сатып алу-сатуды Қайрат Сатыбалды Астана қаласының тергеу изоляторында жасаған.

Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында жеке компания басшысының өкілі Асқар Өтешов Алматыдағы қонақүй рейдерлік жолмен қалай тартып алынғанын мәлімдеді.

"2018 жылы ЖШС (Өтешов мүддесін қорғайтын компания) Алматыда қонақүй кешені құрылысын аяқтау үшін банктен (капитал банк) несие алған. Құрылыс аяқталғаннан кейін ЖШС несиені толығымен төледі. Өкінішке қарай, банк кейінге қалдыру құқығын бермей, несиені толық қайтаруды талап етті. Осыдан кейін банк істі коллекторлық агенттікке тапсырып, олар өзара шарт жасасқан. Осы жерде қайдан екенін білмеймін, "Қазаэронавигация" мекемесі пайда болады. Мемлекеттік кәсіпорын банктің шоттарына шамамен 14 млрд бюджеттік теңге орналастырғаны белгілі болды. Банкте жағдай нашарлай бастағаннан кейін кәсіпорын басшысы ақшаны қайтаруды талап еткен. Ақша қайтарылмаған.2018 жылы ЖШС (Өтешов мүддесін қорғайтын компания) Алматыда қонақүй кешені құрылысын аяқтау үшін банктен (капитал банк) несие алған. Құрылыс аяқталғаннан кейін ЖШС несиені толығымен төледі. Өкінішке қарай, банк кейінге қалдыру құқығын бермей, несиені толық қайтаруды талап етті. Осыдан кейін банк істі коллекторлық агенттікке тапсырып, олар өзара шарт жасасқан. Осы жерде қайдан екенін білмеймін, «Қазаэронавигация» мекемесі пайда болады. Мемлекеттік кәсіпорын банктің шоттарына шамамен 14 млрд бюджеттік теңге орналастырғаны белгілі болды. Банкте жағдай нашарлай бастағаннан кейін кәсіпорын басшысы ақшаны қайтаруды талап еткен. Ақша қайтарылмаған. 2018 жылы ЖШС (Өтешов мүддесін қорғайтын компания) Алматыда қонақүй кешенінің құрылысын аяқтау үшін банктен (капитал банк) несие алған. Құрылыс аяқталғаннан кейін ЖШС несиені толығымен төледі. Өкінішке қарай, банк кейінге қалдыру құқығын бермей, несиені толық қайтаруды талап етті. Осыдан кейін банк істі коллекторлық агенттікке тапсырып, олар өзара шарт жасасқан. Осы жерде қайдан екенін білмеймін, "Қазаэронавигация" мекемесі пайда болады. Мемлекеттік кәсіпорын банктің шоттарына шамамен 14 млрд бюджеттік теңге орналастырғаны белгілі болды. Банкте жағдай нашарлай бастағаннан кейін кәсіпорын басшысы ақшаны қайтаруды талап еткен. Ақша қайтарылмаған.

«Қылмысты жасыру үшін банк келісімшарт жасасады да, оны азаматтық-құқықтық мәмілемен жасырады. Коллекторлар сауда-саттық жариялап, онысы сәтсіз деп танылды. Содан кейін ол компанияның мүлкін өз меншігіне қауіпсіз түрде ала салды. Бір айдан кейін оны Қайрат Сатыбалды компаниясына сатады. Содан кейін 2021 жылдың желтоқсанында Сатыбалды қонақ үйге көп адаммен келді. Олар қонақ үйді қоршап алып, директорға барып, орталық серверлерді өшірді. Балағы қысқа, сақалды біреулермен келді. Олар ғимаратты айналып өтті. Дауыстап «мына жерде кафе бар, бізде прачечная» болады деп сөйлеп жүр. Қонақ үй қызметкерлеріне «бұрынғыдай жұмыс істей беріңдер, тек бұл жердің иесі ауысады» деген, - дейді Өтешов.

Осыдан кейін қаржы мониторингі агенттігіне қонақ үй рейдерлік жолмен тартып алынғаны жөнінде арыз жазылған, 2022 жылы қылмыстық іс қозғалған.

Іс 11 ай бойы тергелді. Осы уақыт ішінде менің сенім білдірушім жәбірленуші деп танылды. Қонақ үй 11 миллиардқа бағаланады. Коллектор бұған дейін 5 млрд-қа, банк 9 млрд теңгеге бағалаған.

Тергеу барысында мүлікке тыйым салу туралы өтініш берілді. Ақыры, Алматы полиция департаментінің тергеушісінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жасалған барлық мәмілелерді тоқтата тұру туралы қаулы шығады. Біраз уақыттан кейін тергеушінің қаулысы жойылатын хат келді.

Содан кейін қызықты эпизод. Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» ісі бойынша ұрлық жасағаны үшін сотталды. Сол кезде үкім күшіне енді. Сатыбалды астананың тергеу изоляторында болды. Бір күні нотариус тергеу изоляторына келіп, Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына мәмілелер жасасу құқығын беретін сенімхатты куәландырады. Содан кейін келісім жасалады да, оған сәйкес Сатыбалды қонақүйді сатып алады, содан кейін оны мемлекетке береді. Үкім заңды күшіне енген кезде тергеушілер мүлікті, оның ішінде қонақүйді тәркілеуге жатқызады.. Сатыбалды "қонақ үйдің заңды иесі" атанып, оны мемлекетке бүп-бүтін күйде мемлекетке тапсыра салады, - дейді Өтешов.