Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен тағы да құттықтады.
Өз кезегінде Қазақстан президенті Мәскеуде өткен Жеңіс парадына сапары кезінде көрсетілген қонақжайлық үшін Ресей басшысына алғыс білдірді.
Сонымен қатар тараптар Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған сапарына дайындық мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына қатысты бірқатар мәселелер сөз болды.