09:37, 30 Қаңтар 2024
Қарағандыдағы жарылыс: үйінді астынан 2 адамның мәйіті шығарылды

Қарағанды облысының Ботақара кентінде тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан үй опырылып құлаған. Үйіндінің астынан екі адамның мәйіті табылды, деп жазды Zhasalash.kz.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы 30 қаңтарда сағат 00:07–де Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі Әуезов, 8а мекенжайы бойынша екі қабатты, екі кіреберісі бар 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан № 10 пәтерде жарылыс болды.
Үй 2014 жылы салынған. Оның жалпы ауданы 510 шаршы метрді құрайды.
Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде бірінші қабаттағы № 5, 6, 8, екінші қабаттағы № 11, 12 пәтерлер жарым-жартылай зақымданған. Үйде барлығы 46 адам тұрады, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.