Израиль тағы 30 палестиналық тұтқынды босатты
Израиль түрме қызметі ХАМАС тобының кепілге алынған израильдіктерді босатуына жауап ретінде тағы 30 палестиналық тұтқынды босатты.
Бейсенбі күні ХАМАС ұйымы тұтқынға алынған 8 израильдік азаматты босатты. Бітімгершілікті ұзарту шарттарына сәйкес, ол күн сайын тұтқынға алынған кем дегенде 10 адамды босатуы керек. Бірақ бейсенбіде бір күн бұрын босатылған Ресей азаматтығы бар екі израильдік әйел «есепке алынды».