Германия мен Өзбекстан білікті жұмысшылардың келуін жеңілдететін келісім жасады
Германия канцлері Олаф Шольц Орталық Азияға үш күндік сапарының бірінші күнінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен миграция туралы екіжақты келісімге қол қойды.
Жексенбі күні Самарқандта қол қойылған келісім Өзбекстаннан Германияға білікті жұмысшылардың, ең алдымен денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мамандардың келуін жеңілдетуге арналған.
Сондай-ақ, Германияда заңды тұруға рұқсатсыз жүрген Өзбекстан азаматтарын елге қайтаруды жеделдету туралы айтылады. Бүгінгі мәлімет бойынша, елде тұратын Өзбекстанның 13 700 азаматының 200-ге жуығы елге оралуға жататындардың қатарында.
«Бүгін Самарқандта (Өзбекстан) қол қойылған Көші-қон және ұтқырлық туралы келісімнің арқасында біз үлкен талантты адамдардың елімізге келуіне мүмкіндік жасап жатырмыз. Сонымен қатар, біз өзімізде қала алмайтындарды қайтару процесін бюрократизацияламауға міндеттендік», - деп жазды Шольц әлеуметтік желідегі X аккаунтында.