Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан халық партиясы төрағасы қызметінен кетті
Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан халық партиясының төрағасы қызметінен кетті.
Оның орнына Нұрсұлтан Шоқанов сайланды.Тиісті шешім партияның кезектен тыс съезінде қабылданды.
Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, партиядағы басшылықтың ауысуы – даму жолындағы табиғи үдеріс. Оның пікірінше, елде ауқымды саяси өзгерістер жүріп жатқан кезеңде жаңару аса маңызды.
«Кез келген даму кезеңі жаңаруды талап етеді. Бұл – алға жылжу үшін қажет табиғи процесс», – деді Ермұхамет Ертісбаев.