Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:12, 06 Ақпан 2024

Ұлыбритания королі III Чарльзден қатерлі ісік анықталды

Ұлыбритания
Фото:

Букингем сарайының баспасөз қызметі мәлімдегендей,  Ұлыбританияның қазіргі королі III Чарльзден қатерлі ісік диагнозы анықталды. 

Монарх сырқатына байланысты қоғамдық міндеттерін уақытша кейінге қалдырды. Десе де, король ресми құжаттарды қарап, мемлекеттік істерді жүргізуді жалғастыра бермек.

“III Чарльз қуықасты безінің ұлғаюына байланысты ота жасау үшін ауруханаға жатқызылған еді. Ота сәтті өтіп, ол ауруханадан шықты. Кейін диагностикалық тестте оның қатерлі ісікке шалдыққаны анықтылды”, – делінген хабарламада.

 

Тегтер: