Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:23, 11 Сәуір 2024

Байден Иранның Израильге шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертті

е
Фото: из открытых источников

АҚШ президенті Жапония премьер-министрі Фумио Кишидамен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында  Иранның Израильге шабуыл жасауы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Премьер-министр [Бенямин] Нетаньяхуға айтқанымдай, Иран мен оның сенімді өкілдерінің тудыруы мүмкін қауіп-қатерлеріне байланысты Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемеміз әлі күнге дейін өз күшінде», - деді Байден.

The Wall Street Journal америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап жазғандай, АҚШ барлау қызметі Иранның Израильге шабуылы «жақын арада болуы мүмкін» екенін айтады. 

Ал, 5 сәуірде Ақ үй Иранның Израиль нысандарына ықтимал шабуылына алаңдап отырғанын NBC News жазды. Олар Иранның Израильдегі нысандары бейбіт тұрғындар емес, әскери немесе барлау нысандары болуы мүмкін деп болжаған.

Айта кетейік, 1 сәуірде Израиль ұшағы Сирияның Дамаск қаласындағы Иран консулдығына шабуыл жасады. Ислам революциясы Сақшылар корпусының жеті қызметкері қаза тапты, олардың арасында Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Мохаммад Реза Захеди мен генерал Мохаммад Хади Хаджи Рахими бар.

© AP Photo / Stephanie Scarbrough

Тегтер: