Әлеумет

ШҚО-да жоғалып кеткен жігіттің денесі көлден табылды

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі Шалқар көлінен табылды.

Шалқар көлі

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 2001 жылы туған азамат сапбордпен сырғанау кезінде суға батып кеткен. Ол құтқару кеудешесін кимеген.

Марқұмның денесі жағадан шамамен 200 метр қашықтықта, 20 метр тереңдіктен табылған.

Іздеу жұмыстары 1 мамырдан бастап жүргізілген. Оған ТЖД-ның сүңгуірлері мен арнайы техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар көл түбін бірнеше күн бойы тексеріп, су бетін жүзу құралдарымен зерттеген.

Сонымен қатар жағалау аумағын бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен эхолоттар қолданылған. Мамандардың айтуынша, іздеу жұмыстары көлдің терең болуына байланысты күрделене түскен.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтап, жүзу құралдарын пайдаланғанда құтқару кеудешесін кию қажеттігін еске салды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз