Трамп Иранның тізе бүгетініне сенімді екенін мәлімдеді
Fox News журналисінің сұрағына жауап берген АҚШ президенті Тегеранды капитуляцияға көндіре алатынына күмәнданбайтынын айтты.
«Иә, бұған еш күмәнім жоқ», — деді америкалық лидер.
Бұған дейін Аббас Аракчи Иран кез келген жағдайға дайын екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ислам республикасы АҚШ-пен соғыстың қайта басталуына да, қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге де әзір.
Сондай-ақ бұған дейін Трамп Иран ядролық нысандарын қайта қалпына келтіруге әрекеттенсе, елді «жойып жібереміз» деп қоқан-лоқы жасаған болатын.
Айта кетейік, Трамп Иран ұсынған 14 тармақтан тұратын бітімгерлік құжатын қабылдамады.