Саясат

Трамп бүгін Иранмен келіссөздердің жаңа кезеңі өтетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздердің жаңа кезеңі бүгін күндіз өтетінін хабарлады.

АҚШ

Алайда кездесудің қай жерде ұйымдастырылатынын және оған кімдер қатысатынын нақтыламады. Бұған дейін Трамп АҚШ пен Иран Ормуз бұғазының жұмысына қатысты келісімге келгенін және Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша мәміле жасалады деп күтетінін айтқан. Алайда Fars News агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сенбі күні Трамп Қатар мен БАӘ-нің өтініші бойынша Иранға соққы жасаудан бас тартқан. Оның айтуынша, бұл шешім келіссөздердің өтуіне мүмкіндік беру үшін қабылданған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз