Бүгін, 11:05
Ядролық қаруы бар екі ел: Пәкістан Үндістан шекарасындағы посттарға оқ жаудырды

Пәкістан шекара бойында орналасқан бірнеше үндістандық посттарға оқ атты.
News18 хабарлауынша, үнді қарулы күштері де кері жауап қайтарған.
Сондай-ақ, Бандипора ауданында атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.
Бұған дейін Пәкістанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кашмирдегі терактіден кейін Үндістан қабылдаған шараларға жауап беретінін мәлімдеген болатын.
Пәкістанның қорғаныс министрі де мәлімдеме жасап, бұл мемлекеттер арасындағы шиеленіс әлемдік қауымдастықты алаңдатуы тиіс екенін айтты. Ол ядролық қаруы бар екі ел арасындағы қақтығыс қайғылы аяқталуы мүмкін екенін ескертті.