Қоғам

Қазақстанда IBO-2024 халықаралық олимпиадасы басталды

Астана қаласында оқушылар арасындағы IBO-2024 биологиядан халықаралық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Р

Оған ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, IBO халықаралық комитетінің төрағасы Ленка Либусова арнайы қатысқан. 

Биологиядан халықаралық олимпиада алғаш рет 34 жыл бұрын өткізілді, оған ол кезде тек 6 ел қатысқан. Ал бүгін ел астанасында 81 мемлекеттің командалары жиналды.

International Biology Olympiad әлемдегі ТОП-7 халықаралық олимпиаданың бірі. Биылғы жылы білім додасына әлемнің 81 елінен 305 жас биолог пен 275 ғалым қатысуда, делінген хабарламада. 

Қазақстандық оқушылар 28 жылдан бері аталмыш додада 70-тен аса марапатқа ие болғаны айтылады. 

Тегтер: Олимпиада
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз