Қоғам

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3685 адамға жетті

Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінің салдарынан қаза тапқандар саны 3685 адамға дейін өсті. Сонымен қатар, 17 мыңға жуық тұрғын түрлі деңгейде жарақат алып, тағы сонша адам баспанасыз қалған.

Венесуэла

Табиғи апат салдарынан 850-ден астам ғимарат қирап немесе ауыр зақымданған. Қазіргі уақытта құтқару қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алайда елдегі сейсмикалық белсенділік әлі де бәсеңдемеген. Негізгі жер сілкінісінен кейін Венесуэлада мыңнан астам афтершок тіркелген.

Табиғи апаттың ауқымын бағалау мақсатында Каракас қаласына БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының басшысы келді.

Еске салайық, 24 маусым күні Каракас қаласы мен Венесуэланың бірнеше өңірінде магнитудасы 7 балдан асатын екі қуатты жер сілкінісі болған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз