Қоғам

Бас мүфти қазақстандықтарды Құрбан айтты ұлттық нақышта атап өтуге шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық мұсылмандарды Құрбан айтты ұлттық дәстүрге сай атап өтуге үндеді.

мешіт

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти халықты ұлттық киім киіп, Айт мерекесін қазақы дәстүрмен өткізуге және қайырымды бастамаларға белсенді қатысуға шақырған.

Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің аумағында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар мәдени-рухани кештер өткізу жоспарланған.

Осыған байланысты Бас мүфти ел мұсылмандарын ұлттық құндылықтарды насихаттап, Құрбан айтты салт-дәстүрге сай қарсы алуға үндеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз