1 ақпаннан бастап Қазақстанда не өзгереді?
АШМ ірі қара және ұсақ мал экспортына квоталарды жаңартады
2024 жылғы 1 ақпаннан бастап АШМ бұқашықтарды Қазақстаннан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге квоталар көлемі туралы бұйрығы күшіне енеді. Норма алты ай бойы жарамды болады.
- 12 айдан асқан бұқашықтарды әкету үшін сандық лимит 60 мың басты құрайды, оның ішінде:
- бордақылау алаңдары үшін-30 мың бас;
- тауар өндірушілер үшін-30 мың бас.
- 6 айдан асқан қойларды әкетуге арналған сандық лимит - 120 мың бас, оның ішінде:
- бордақылау алаңдары үшін-30 мың бас;
- тауар өндірушілер үшін-90 мың бас.
Бір бордақылау алаңынан 12 айдан асқан 4000-ға дейін бұқашықты, ал бір тауар өндірушіге-жиынтық мөлшерде 500 басқа дейін әкетуге рұқсат етіледі.
Астанада 1 ақпаннан "Елорда жастары" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады
2024 жылдың 1-6 ақпан күндері аралығында "Елорда жастары" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау жүргізіледі.
Өтінімдерді қабылдау 1 ақпаннан бастап сағат 09.00-ден 6 ақпанға дейін сағат 23.59-ға дейін электрондық түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады (өтінім беру жөніндегі нұсқаулық zhilfond.kz сайтының осы бағдарлама бойынша хабарландыруында, "Жаңалықтар" бөлімінде орналастырылған).
Бағдарлама "Отбасы банк" АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.
Банк барлығы 80 несие береді.
«Ұлттық қор – балаларға»: 1 ақпаннан бастап жинақтау шоттары ашылады
2024 жылғы 1 ақпанынан басталады. БЖЗҚ 2024 жылы 18 жасқа толған және толатын мақсатты жинақтарды алушылар үшін нысаналы жинақ шоттарын ашады.
Бұдан бөлек, балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануды жалғастыра береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептелетін болады.
– Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар нысаналы жинақтау шотына есептелетін болады және 18 жасқа толғаннан кейін кәмелетке толған тұлғалар жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеуге пайдалану құқығына ие болады. Нысаналы талаптарға қатысушы немесе БЖЗҚ-да нысаналы жинақтары бар нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда, бұл нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылатын болады, - делінген БЖЗҚ сайтында.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап балаларға арналған білім беру жинақтау депозитін ашуға болады
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары «AQYL» білім беру жинақтау депозитін іске қосудың арқасында балаларының болашағына инвестиция салудың жаңа мүмкіндігіне ие болады.
«AQYL» депозитінің ерекшеліктері мен артықшылықтары
AQYL депозиті салымшылар үшін тартымды пайыздық мөлшерлемелерді ұсынады. 3 жылдық инвестициялық кезең үшін жылдық 12% мөлшерлеме (GTSM 12,9%-ға дейін), ал 5 жыл мерзімге - жылдық 9,5% (10,1%-ға дейін) беріледі.