15:11, 13 Мамыр 2024
1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс әуе бағыты іске қосылады
Қазақстан Өзбекстанмен жаңа әуе бағытын ашты.
Сөйтіп, Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567 рейске дейін жеткен.
Uzbekistan Airways әуе компаниясы 1 маусымнан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағында орындалады. Қолға алынған бұл шаралар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде, делінген хабарламада.
Фото: ортком