Қоғам

Құжатта қате мәлімет көрсеткендер Қытайға бес жыл кіре алмауы мүмкін

Қытайға баратын қазақстандықтар үшін жаңа талаптар енгізілуі мүмкін.

Әуежай

Виза рәсімдеу немесе шекаралық бақылаудан өту кезінде жалған не шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет ұсынған шетел азаматтарына Қытай аумағына кіруге бес жылға дейін тыйым салынбақ.

Жаңа ережелерге байланысты әуежайлардағы құжаттарды тексеру процедурасы ұзаққа созылуы мүмкін. Осыған орай FlyArystan жолаушыларға рейске дейін құжаттарының барлығын алдын ала мұқият тексеріп, әуежайға ұшудан кемінде үш сағат бұрын келуге кеңес берді.

Әуе компаниясы жолаушыларды шекаралық бақылау кезінде құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығына ерекше мән беруге шақырды.

Тегтер: Қытай құжат
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз