100% өлімге әкеледі: Қытай ғалымдары сұмдық вирусты сынақтан өткізді
Бейжің химия-технологиялық университеті мен ғылыми-зерттеу орталығы 100 пайыз өлімге әкелетін вирусты сынамадан өткізді.
Тәжірибе жасушаларында адам ДНҚ-сы бар кеміргіштерге жүргізілген. Нәтижесінде барлық эксперименттегі субъектілер 6-8 күн ішінде өліп қалған. Тышқандар тез арықтап, қозғалысы күн сайын азайып, көздері ағарған. Вирустың әсерінен тышқандардың өкпесі, тыныс алу жолдары, сүйек жабындысы, көз және қан тамырлары толық зақымданған. GX_P2V организмде өте жылдам негізде тарайтыны анықталды.
Жануарлардың мәйіттерін зерттеген кезде, вирус ішкі мүшелерді бүлдірген. Әсіресе миы мен көзі зақымданған. Вирустың қоздырғышы алғаш 2017 жылы малайзиялық панголиндерде (армадиллоға ұқсайтын кесірткелерде) анықталған. Зерттеу нәтижелері Biorxiv ғылыми порталында жарияланды.
Қытай ғалымдарының зерттеу жұмысын өзге ғалымдар қатаң сынға алуда. Инфекциялық аурулар сарапшысы, профессор Франсуа Баллу «бұл сынақтар адамзат үшін пайдасыз, қауіпті әрі түкке керексіз» деп пікір білдірді. Канададағы Ратгерс университетінің профессоры, химик Ричард Эбрайт те «бұл өте қауіпті сынақ және оны жасаудың қажеттілігін түсіне алмадым» дейді. Сарапшылар Қытайдағы зертханалардың қауіпсіздік деңгейіне де алаңдаулы. Сарапшы Эбрайттың пікірінше Уханьдағы зерттеулер қауіпті вирустың сыртқа шығып, әлемдік пандемияға ұласуы соның айғағы деген ойда.