Без Категории

КВИ жұқтырғандар ресми 50 мыңнан асты. Атырау облысы COVID-19 саны бойынша Нұр-Cұлтаннан озды

7 шілде күні COVID-19 Қазақстанда 1376 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 847 адамда ауру белгілері байқалмаған.

КВИ жұқтырғандар ресми 50 мыңнан асты. Атырау облысы COVID-19 саны бойынша Нұр-Cұлтаннан озды

Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Өңірлер бойынша Атырау облысы қайтадан көш бастады. Бірнеше күн бойы тәулік сайын 300-ден аса вирус жұқтыру жағдайы тіркеліп келген Атырау облысында 6 шілде күні коронавирус тек 101 адамнан анықталған болатын. Бірақ кеше COVID-19 инфекциясы 264 адамнан табылған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 6156-ге жеткен Атырау облысы, Нұр-Cұлтаннан (6057) озып, екінші орынға көтерілді. Республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ресми саны 51 059-ға жетті.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласында — 6501 (+143 жаңадан қосылған),
  • Атырау облысында — 6156 (+264),
  • Нұр-Сұлтан қаласында — 6057 (+73),
  • Қарағанды облысында — 5520 (+184),
  • Шымкент қаласында — 3659 (+65),
  • Батыс Қазақстан облысында — 3509 (+86),
  • Алматы облысында — 2750 (+59),
  • Шығыс Қазақстан облысында — 2313 (+135),
  • Түркістан облысында — 2051 (+10),
  • Жамбыл облысында — 1866 (+77),
  • Ақтөбе облысында — 1850 (+22),
  • Маңғыстау облысында — 1672 (+82),
  • Ақмола облысында — 1512 (+28),
  • Павлодар облысында — 1507 (+47),
  • Қызылорда облысында -1487 (+31),
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 1446 (+28),
  • Қостанай облысында — 1203 (+42).
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз