16 жастағы қазақстандық «Челсиге» ауыса ма?
Әлеуметтік желіде алматылық «Қайраттың» түлегі Дастан Сәтбаев таяу күндері «Челсимен» келісімшартқа отыруы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр.
Өткен жылы 16 жастағы қазақстандық Лондонға сынақтан өтуге барды деген ақпарат тарағанымен, футболшы жаңа маусымға өз командасымен дайындала бастады.
Бүгін, 17 қаңтарда бірнеше ақпарат көздері алматылық және лондондық клубтар арасында келесі аптада трансфер аяқталатынын хабарлады. Қайрат бұл ақпаратты растамады, бірақ оны жоққа шығармады да.
"Комментарий айта алмаймыз. Ресми ақпарат көздерін қадағалаңыз", - деді баспасөз қызметі БАҚ сауалына берген жауабында.
Англияға сапарынан кейін БАҚ Сәтбаевтың «Қайрат» жүйесінде кем дегенде 18 жасқа дейін қалатынын, бұл жасына дейін халықаралық трансферлерге тыйым салынғанын алға тартты.